Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020

Министрлікке бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде облыстық Спорт басқармалары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Министрлікке бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті

Шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Министр саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған мәселелер туралы басшылардың есебін тыңдады. 

Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған іс-шаралар нақтыланып, Токио – 2020 Олимпиадасына дайындық барысы пысықталды.

Сонымен қатар 2019 жылдың қорытындысына сай спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі белгілі болды.