Қоғам • 30 Қаңтар, 2020

Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы

1426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 ақпанда Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі бастау алады.

Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы

Көптеген жыл бойы онкүндікті өткізу оқушылар мен педагогтар жақсы көретін және күтетін игі дәстүр, өзін-өзі тану олар үшін нағыз мереке. 

Осы онкүндік қарсаңында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі ашылады. Шара барысында «Бұл әлем қандай ғажап», «Сүйіспеншілікке толы жүрек», «Сердце наполненное Любовью» көрмелерінде білім алушылар мен оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынады. 

3 ақпанда «Бөбек» орталығының қызметкерлері үшін «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбына сабақ өткізіледі.

«Руханилықтың кәусар бұлағы» шығармашылық фестивалі шеңберінде «Үздік авторлық өлең», «Үздік өлең оқушы», «Үздік театр қойылым» және «Әндерді үздік орындау» аталымдары бойынша конкурстар өткізіледі.

Іс-шараға «Өзін-өзі тану» балабақшасының тәрбиеленушілері, «Өзін-өзі тану» гимназиясының оқушылары, ата-аналар, «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің білім алушылары, Адамның үйлесімді дамуы институтының, Обсерватория және «Бөбек» орталығының оқу-сауықтыру кешенінің  қызметкерлері  қатысады.

Ал 12 ақпанда Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» жалпы республикалық сабақ өткізіледі.