Спорт • 30 Қаңтар, 2020

Қазақстандық гандболшылар Подгорицада лицензиялық турнирге қатысады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-22 наурыз күндері Подгорицада (Черногория) әйелдер командалары арасында гандболдан іріктеу турнирі болады. Бұл туралы деп Olympic.kz. сайты хабарлады.

Қазақстандық гандболшылар Подгорицада лицензиялық турнирге қатысады

Аталған жарыста Қазақстан командасы үшінші топта Норвегия, Черногория және Румыния құрамаларымен ойнайды. Үш топтың ішінде үздік танылған екі командаға Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беріледі.

Назарларыңызға жарыс күнтізбесін ұсынып, ойын кестесімен таныстырамыз.

20 наурыз күні Қазақстан командасы Румынияға қарыс ойын өткізсе, 21 наурызда Черногория командасымен кездеседі.

Ал 22 наурыз күні қазақстандық гадболшылар Норвегия құрамасымен ойнайды.