Президент • 07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 390

370 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 24 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2013 жылғы 24 сәуірдегі №390 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. «Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiне жүктелсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен таратылу және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астық қабылдау кәсiпорнын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесі;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;».
2. «Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысуы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысуы ережесiнде:
1) 2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қатысушы – қормен жасалған және қолданылып жүрген қатысу шарты бар мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы.»;
2) 3-тармақта:
бірінші абзац мындай редакцияда жазылсын:
«3. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы қорға (қорларға) қатысу үшiн қорға (қорларға) жазбаша өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды қоса бередi:»;
тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мақта өңдеу ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;».
3. «Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорларының кепiлдiк алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 519-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорларының кепiлдiк алу ережесiнде:
1) 2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қорға қатысушы – қормен жасалған және қатысу шарты қолданылатын мақт

Соңғы жаңалықтар