Тағайындау • 31 Қаңтар, 2020

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

1328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Заппаров Арыстанғани Заппарұлы жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды.

Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет атқарады. ІІМ Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Полиция департаменттерінде басшылықта тәжірибесі мол.