Фото: Al Ain FC/ Twitter
Клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында «Қош келдің, Исламхан!» деген атпен шағын видеоролик жарияланды.
Осылайша, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы футболдан Қазақстан ұлтық құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламханды өз ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырды.
Айта кетейік, «Әл Айн» – БАӘ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы араб командасы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетіп, «Реал» (Мадрид) командасына 1:4 есебімен жол берген болатын.
Бауыржан Исламхан Алматының «Қайрат» командасында 2013 жылдан бастап өнер көрсетіп келді. Өткен маусымның соңында келісімшартының аяқталуына орай командадан кетті. Осы жылдың басында Ресейдің «Зенит» командасының сапында оқу-жаттығу жиынын өткізген.