07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 460

295 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 8 мамыр, Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 және «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 қазандағы №1311 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 426-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап - күнтізбелік отыз күн;»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көрсетілген құжаттарды алған кезде Департамент олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді. Құжаттардың толық және дұрыс болмауы фактілері белгіленген жағдайда Департамент құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыны ұсынылған құжаттарды
қараудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:
1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін миссионерлік қызмет болып табылады.»;
2) «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 44, 401-қүжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметті алушылар ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін - салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін - салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
3) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, салудың мақсатын, осы аумақта рухани құндылықтарды қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));
4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушылар үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін - салыстырып тексеру үшін құжаттардың

Соңғы жаңалықтар