Қоғам • 01 Ақпан, 2020

Мал ұрлығына жергілікті әкімдік, мал дәрігерлері де жауапты

647 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше  өткен жылы Павлодар облысында 129 мал ұрлығы тіркелген.

Мал ұрлығына жергілікті әкімдік, мал дәрігерлері де жауапты

Мал ұрылығы Екібастұз ауылдық аумағында, Ақтоғай, Ертіс, Май, Шарбақты және Павлодар аудандарында көбейген.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ет сататын базарларда рейд шаралары жүргізіледі. Барымташылар ұрлаған малды туыстарына, ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатуға шығады.

Полицейлер мал ұрлығына мал иелерінің жауапсыздығы себеп екенін, Барымташылар жайылымда қараусыз жүрген жерінен ұрлайтыны айтуда.

Ал, жол бойында бос жүрген малдың кесірінен былтыр 89 жол-көлік оқиғасы орын алыпты. 

Өйткені ауыл тұрғындарының малы толығымен есепке алынбаған.

Екіншіден, мал ұрлығының орын алуына анықтаманы дұрыс бермейтін жергілікті әкімдік пен мал дәрігерлерінің салғырттығы да себеп.

Енді облыстық ауыл шаруашылығының бастамасымен басқармасы ветеринар мамандар, учаскелік инспектор және ауыл әкімдері бірлесіп, әрбір үйді аралап, малдарды есепке алмақ.

Сондықтан, қазір мал қорада тұрған кезде бұл жұмыстарды қолға алмақ.

Полицейлердің мәліметінше, облыс  орталығына қарасты Шәукен,  Кенжекөл, Мойылды, Жетекші ауылдары, Ленин кентінде 6 мыңға жуық қара мал, 9 мыңға жуық ұсақ мал, 2 мыңға жуық жылқы тіркелген.

Ал, мал басын есепке алу шарасы жыл басынан жүргізіледі. Ірі қара мен ұсақ малдан туған төлдер 1 аптадан кейін тіркеледі. Ал құлынды туғаннан кейін 4 айдан соң есепке алады.

Малға сырға салу, жылқының терісіне чип орнату, таңба салу арқылы түліктерді тіркеуге алады.

- Қала бойынша есепке алынбаған мал жоқ. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерекөздеріне барлық деректі енгіземіз. Малдың иесі, жынысы, түсі, жасы, тұқымы жөніндегі мәліметтер осы дереккөзде жазылады, - дейді полиция қызметкерлері.

 

ПАВЛОДАР