Спорт • 01 Ақпан, 2020

Маунтинбайктан Қазақстан командасы қола жүлде иеленді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайландта маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінда аралас командалық эстафетадан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Маунтинбайктан Қазақстан командасы қола жүлде иеленді

Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды. Қазақстандықтар Жапония мен Тайланд командаларын алға жіберіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінген. 

Біздің команда сапында Әділ Шәкіров, Темірлан Мұхамедиянов, Алина Сарқұлова, Дамир Тұрсынқали сынға түсті.  Азия чемпионаты 5 ақпанға дейін жалғасады.