Қоғам • 02 Ақпан, 2020

ДСМ елдегі вирусқа қатысты жағдайды мәлімдеді

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 ақпанындағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды Facebook парақшасында жариялады.

ДСМ елдегі вирусқа қатысты жағдайды мәлімдеді

«ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Мәселен, 2020 жылдың 6 қаңтарынан 1 ақпан аралығында елімізге 27 мың 53 адам келді. Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда - 20 мың 208 адамды, теміржол вокзалдарында – 399 жолаушыны тексерді. ЖРВИ белгілерімен 75 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 31-і жазылып шықты, қазір стационарларда медициналық бақылауда 44 адам қалды» делінген хабарламада.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі игерген.

ДСМ республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқшаулауға арналған бокстар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалғандығын айтты.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында, кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.