Аймақтар • 02 Ақпан, 2020

Ақтауда құрылыс 6,3 пайызға өскен

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есеп беру кездесуде Ақтау қаласының әкімі әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ақтауда құрылыс 6,3 пайызға өскен

Айтуынша, 2019 жылы қала бойынша 11 600 жаңа жұмыс орны ашылып, 4452-і тұрақты, 899-ы қоғамдық, 125-і әлеуметтік, 478 жас маман жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасты. 2019 жылы 2 263 отбасы немесе 10 674 адамға 1 млрд 130 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Жағдайы төмен тұрғындардың бір бөлігіне жатақханамен көмек көрсетіліп, тегін тұруына бюджеттен 72 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, материалдық көмек, студенттердің оқу ақысы мен шәкіртақысы, мерекелік күндерге және атаулы даталарға барлық топтағы мүгедектерге жасы 70-тен асқан қарттарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне, ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлері, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқандарға барлығы 24 292 адамға 1 млрд 152 млн теңгеге көмек көрсетілді. 1895 мүгедек жанға 938 050 дана арнайы құралдар сатып алып берілді.

2019 жылы салынған құрылыс жұмыстарының көлемі 68,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылға қарағанда 6,3 пайызға өскен.

 

 

Маңғыстау облысы