Аймақтар • 02 Ақпан, 2020

Ақтауда қалаішілік жаңа жолдар қарқынды салынуда

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында өткен жылы 520 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беру жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 611,1 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 4 100 пәтер қолданысқа берілді. Сонымен қатар қалаға қарасты, өткен жылы Приозерный-1 ауылы су және ішкі жолдардың құрылысы толық аяқталды. Жаңадан «Рауан» ауылы су, электр желісі және ішкі жолдарының құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жолдарға тоқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда қалаішілік жаңа жолдар қарқынды салынуда

Ақтауда «Мұнайшы» стадионынан бастап, 16 мен 17, 19А мен 20-шы шағын аудан аралығында ұзындығы 2,3 шақырым жол қолданысқа беріліп, 26 шағынаудандағы «Бекет Ата» мешітінен бастап 3Б шағынаудандағы Миграциялық қызмет көрсету орталығына дейін 2,4 шақырым болатын жолды 4 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары толық аяқталды.

Сондай-ақ, «Алатау» мейрамханасынан «Грин-Плаза» тұрғын-үй кешеніне дейінгі №22 автожолы ақпан айының соңында, «Көктем» тұрғын-үй массивінің, «Приморский» ауылының жолдарының құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған, осы жылы толық қолданысқа беріледі.

32В ш/а «Шаңырақ» тұрғын кешені және 31Б,32Б,35 шағынаудандары бойындағы №33 автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде және 33 ш/а «Маңғыстау Арена» с/к, 34,34А,35 шағынаудандар бойымен №26 автомобиль жолы құрылыс жұмыстары басталды.

 

 

Маңғыстау облысы