07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 666

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 2 шілде,   Астана, Үкімет Үйі

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2013 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013жылғы 2 шілдедегі № 666 қаулысына қосымша

2013 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлердің саны
Р/с
№    Әскери-есептік мамандық    Саны
Офицер
1.    Танк әскерлері    10
2.    Артиллерияшы    70
3.    Байланыс    26
4.    Медициналық қызмет    91
5.    Химиялық әскерлер    6
6.    Зымыран-артиллериялық қару-жарақ    10
7.    Әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс    10
8.    Заңгер    1
9.    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі    100
БАРЛЫҒЫ        324

Соңғы жаңалықтар