Аймақтар • 02 Ақпан, 2020

Әлеуметтік әлеует жайы айтылды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда барлығы  81 балабақша жұмыс жасайды. Онда 14 663 бала тәрбиеленуде. Өткен жылы қалада 5 балабақша ашылса, осы жылы салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінші қабатынан барлығы 475 орындық 6 және 14 ш/а бұрынғы балалар интернатының ғимаратына 280 орындық балабақша ашу жоспарлануда. Биыл 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 100%-ға жетті.

Әлеуметтік әлеует жайы айтылды

Жылдан-жылға қаланың тұрғындар саны өсіп келеді. Статистикалық мәлімет сәйкес тұрғындар саны 192 700 болса, медициналық портал бойынша 270 776 азамат тіркелген. Өткен жылы қала бойынша 6 209 бала дүниеге келген, ол 2018 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсті.

Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязовтың айтуынша, тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында  15 мемлекеттік, 15 жеке меншік барлығы 30 орталық бар. Аталған мекемелерде барлығы 1 976 дәрігер және 2 765 орта буындағы медицина кызметкерлері жұмыс жасайды.

 

 

Маңғыстау облысы