Спорт • 02 Ақпан, 2020

Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жұптық кезеңінде жеңімпаз атанды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында халықаралық ITF «Club Megasaray Cup Series 2» жарысы басталды. Қазақстандық спортшы Жібек Құламбаева жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жұптық кезеңінде жеңімпаз атанды

Жұптық кезеңнің ақтық финалында Қытай спортшысы Есинь Мамен бірге ойнады. Құлымбаева/Ма жұбы Окуно/Стойрға қарсы ойнады.

1 сағат 31 минутқа созылған кездесу  6:4, 1:6, 10:4 есебімен аяқталды. Нәтижесінде, қазақстандық теннисші және оның серіктесі екеуі жарыс жеңімпазы атанды.