Спорт • 02 Ақпан, 2020

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогінің I кезеңі басталды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Алатау» тау-шаңғы базасында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогінің І кезеңі басталды. Жарыстың бірінші күнінде жекелей сындар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогінің I кезеңі басталды

Әйелдер арасындағы бәсекеде Анна Шевченко 16:03.0 көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Ксения Шалыгина (16:03.8) екінші орынға ие болса, Ирина Быкова (16:08.9) үшінші орынға тұрақтады.

Ерлер арасында Виталий Пухкало (27:12.6) алтынға қол жеткізді. Евгений Величко (27:43.0) күміс, Олжас Климин (28:11.9) қолаға қол жеткізді.