Жуырда ғана Канада жерінде күміс жүлде иеленген Юлия Галышева бұл жолы да Үйеңкі жапырақ елінде күміспен күптелді. Қазақстандық спортшы финалдық сайыста 80, 69 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш оның екінші сатыға көтерілуіне жеткілікті болды. Аталған жарыста бірінші орынға франциялық Перрин Лаффон (81, 22) ие болса, үздік үштікті канадалық Жюстин Дюфор-Лапаунт (79, 94) қорытындылады.
Ерлер арасындағы бәсекеде Дмитрий Рейхард финалдық кезеңде 84,19 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Ал канадалық Микаэль Кингсбери (89, 09) бас жүлдені олжаласа, швециялық Уолтер Уолберг (85, 10) күміске иелік етті.