Қоғам • 03 Ақпан, 2020

Барлық ахуал – бақылауда

150 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл 6 қаңтарда еліміздің Бас санитарлық дәрігері азаматтарды әлемде таралған жаңа коронавирустық инфекциядан қорғау үшін санитарлық нормаларды күшейтуді жариялады. Денсаулық сақтау министрлігі күнделікті инфекция таралуының алдын алу шаралары туралы қазақстандықтарды хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Барлық ахуал – бақылауда

Денсаулық сақтау минис­трі Елжан Біртановтың ақпа­раты бойынша ведомствода ақпарат жинау бойынша жедел штаб құрылған.

«Оның базасында инфек­ция таралуының алдын алу бойынша халыққа тәулік бойы Call-Center жұмыс іс­тейді. Қосымша аурухана­лар ашылып, медицина қыз­мет­керлері оқытылды. Қа­жет­ті дәрілік заттар мен ме­­ди­циналық бұ­йымдар қо­ры құрылды. Қа­зақстанда жүр­­­­гізіліп жатқан барлық ша­ра Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының ұсы­ныстарына толығымен сәй­кес келеді. Осылайша елі­­­мізде коронавирустық ин­­­­­­фек­цияның таралуына жол бермеу жөніндегі іс-ша­­­­­ралар жоспары әзірленді. Бар­­лық мемлекеттік орган­ды қа­тыстыра отырып, ве­дом­­ство­аралық штаб құ­рыл­ды. Бе­­кітілген жоспарға сәйкес Қазақ­станның Қы­тай­­мен мем­лекеттік ше­ка­­ра­сын кесіп өту пункт­те­­рін­де санитарлық-эпи­де­­мио­­логиялық бақылау кү­шей­­тілді. Бүгінде меди­ци­­на­­лық ұйымдар алғаш­қы ме­дициналық-санитар­лық кө­мекпен келген аза­маттардың 80%-ын қамтыды, 66 адам ко­ронавирустық инфекцияға күдікті вирусты инфекциямен ауруханаға жат­қызылды, оның 25-інің жағ­дайы жақсарып, диагнозы алынып тасталды. 41 нау­­қас диагностикалық зерт­­теу үшін медициналық ме­ке­­­ме­лердегі тексерілуін жал­­­ғастырады. Барлық па­циент­­­тердің денсаулығы тұ­­­рақты, ем­делушілердің жағ­­дайы на­шарлаған жоқ. Бұ­дан басқа, коронавирустық инфек­цияға күдікті пациенттермен байла­ныста болған 3 914 адам ба­қы­лауға алынды. Осы адам­дар­­ға 14 күн ішінде бақы­лау жүр­­гізіледі», деді Е.Бір­танов.

Аталған ведомство мем­ле­кеттік шекарадағы барлық өткізу пунктінде ҚХР-мен ға­на емес, сонымен қатар бар­лық басқа мемлекеттермен кү­шейтілген санитарлық-өт­кізу бақылауын қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау ми­нистрлігі Қазақстан азаматтарына Қытайға, сондай-ақ коронавирустық инфекция­ны жұқтыру жағдайлары тіркелген басқа елдерге бар­мауға кеңес береді.

Айта кететін тағы бір жайт, Денсаулық сақтау минис­трлігінің facebook әлеуметтік желісінде жариялаған мә­ліметі бойынша ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Мәселен, 2020 жыл­дың 6 қаңтарынан 1 ақпан аралығында елімізге 27 мың 53 адам келген.

«Денсаулық сақтау ми­нис­трлігі Тауарлар мен қыз­меттердің сапасы мен қа­­уіп­сіздігін бақылау ко­ми­теті­нің санитарлық-каран­тин­дік пункт­терінің мамандары Алматы қаласындағы ха­лық­аралық әуежайда – 20 мың 490 адамды, темір­ жол вокзалдарында 399 жо­лаушыны тексерді. ЖРВИ белгілерімен 78 адам көп­шіліктен оқшау ауру­ха­на­ға жатқызылды, оның 32-сі жазылып шықты, қа­зір ста­ционарларда меди­циналық бақылауда 46 адам қалды. Ауру­ханаға жатқызыл­ған­дар­дың барлығының сы­на­ма­сы қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқым­баев атын­дағы аса қауіпті жұқ­­­палы аурулардың ұлт­тық ғылыми орталығына жі­бе­рілді. Бұл орталық жа­ң­а ко­­ронавирусты ПТР-диаг­нос­­тикалау әдістемесін игерген. Республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен ме­дициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқ­шаулауға арналған бокс­тар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалған. Бұл жағдай – Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақ­ты ба­қылауында. Ресми ақ­па­ратты Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің сайты мен парақ­шасынан оқи аласыз және кез келген сұрақ бойынша тәу­лік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады», де­лінген жазбада.