07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 50

750 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 22 ақпан, Астана қаласы

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ.Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н.Жақыпова) және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П.Шер) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 Министр       Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 22 ақпандағы  №50 бұйрығымен бекітілген
 
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы

Білім беру ұйымдарының түрлері:
1. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) бөбекжай;
2) балабақша;
3) отбасылық бөбекжай;
4) санаторлық бөбекжай;
5) «мектеп-балабақша» кешені;
6) мектепке дейінгі шағын орталық.
2. Жалпы орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта):
1) білім беру деңгейі бойынша:
бастауыш мектеп;
негізгі орта мектеп;
жалпы орта білім беретін мектеп;
2) оқыту бейіні бойынша:
гимназия;
лицей;
бейіндік мектеп;
3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:
шағын жинақты мектеп;
тірек мектеп (ресурстық орталық);
түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;
кешкі мектеп;
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;
ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы;
аурухана жанындағы мектеп;
4) халықаралық:
халықаралық мектеп (лицей, гимназия);
5) интернаттық ұйымдар:
мектеп-интернат;
әскери мектеп-интернат;
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;
тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;
санаториялық мектеп-интернат.
6) біріктірілген:
мектеп-гимназия;
мектеп-лицей;
қосымша білім беру мектеп-орталығы;
мектеп-интернат-колледж;
оқу-сауықтыру орталығы (кешен);
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);
оқу-тәрбие орталығы (кешен);
оқу орталығы
Ескерту:
оқу орталықтары республикалық, өңірлік, мектептік болуы мүмкін.
3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
1) колледж;
2) жоғары техникалық мектеп;
3) училище;
4) кәсіптік даярлау оқу орталығы;
5) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледж;
6) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;
7) түзету мекемелері жанындағы колледж;
8) әскери – техникалық колледж.
Ескерту:
колледждер республикалық, өңірлік, өңіраралық болуы мүмкін;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атауында кадрларды даярлаудың тиісті салалық бағыты көрсетілуі керек;
оқу орталықтары республикалық, өңірлік, өңіраралық болуы мүмкін.
4. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары:
1) колледж;
2) жоғары техникалық мектеп.
Ескерту:
колледждер республикалық, өңірлік, өңіраралық болуы мүмкін;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атауында кадрларды даярлаудың тиісті салалық бағыты көрсетілуі керек.
5. Жоғары білім беру ұйымдары:
1) институт;
2) консерватория;
3) жоғары мектеп;
4) жоғары училище;
5) құқық қорғау органдарының академиясы.
6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
1) Ұлттық зерттеу университеті;
2) зерттеу университеті;
3) Ұлттық жоғары оқу орны;
4) университет;
5) академия.
7. Мамандандырылған білім беру ұйымдары:
 1) мамандандырылған мектеп;
2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);
3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);
4) мамандандырылған мектеп-интернат;
5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;
6) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;
7) маманд

Соңғы жаңалықтар