Әлем • 03 Ақпан, 2020

Ресей коронавируске шалдыққан шетелдіктерді депортациялайды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы коронавируспен күресудің ұлттық жоспарына бүгін қол қойған Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин мәлімдеді.

Ресей коронавируске шалдыққан шетелдіктерді депортациялайды

«Біз бұл шешімді отандастарымызды қауіпті дерттен қорғап қалу үшін қабылдап отырмыз.  Алдағы уақытта бойынан дерт белгісі бар азаматтарды елден шығарып қана қоймай, елге келуін шектейтін шешімдер қабылдаймыз. Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда», -  дейді РФ Премьер-Министрі М. Мишустин.

Сондай-ақ аталған басылым премьер М. Мишустин ақпан айының екінші жартысында Сочиде халықаралық инвестициялық форумды кейінге қалдыруға, Ресейдің Қытайға гуманитарлық көмек жіберетінін хабарлады. 

Коронавирус ҚХР-ның Хубэй провинциясындағы Ухан қаласынан 2019 жылдың желтоқсан айында тарала бастаған деген болжам бар.

Бүгін, 3 ақпандағы таңертеңгі мәліметтерге сәйкес, Қытайда 2019 жылы тәж вирусын 17,2 мың адам жұқтырған, оның  361-і қайтыс болған. Вирусты  жұқтырған 480-нен астам адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Алайда дәрігерлер сақтық шараларын сақтап жүрмесе, қайта жұқтыру қаупі бар екенін ескертеді.

Өткен аптаның соңында вице-премьер Татьяна Голикова Ресейде қытайлық коронавирус жұқтырудың екі жағдайы анықталғанын хабарлады. Біріншісі Транс-Байкал аумағында, екіншісі Тюмень облысында. Емделушілердің екеуі де Қытай азаматы.

Сондай-ақ Ресей Үкіметі азаматтарын Қытайдағы Хубэй провинциясынан эвакуациялай бастайды деп хабарланды.

Эвакуациядан кейін ресейліктер 14 күнге карантинге жіберіледі.