Қоғам • 03 Ақпан, 2020

Биыл елордадағы «Қазақстан» және «Толқын» спорт кешендеріне реконструкция жүргізіледі

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Қазақстан» және «Толқын» спорт кешендеріне ауқымды реконструкция жүргізу жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл елордадағы «Қазақстан» және «Толқын» спорт кешендеріне реконструкция жүргізіледі

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылы «Қазақстан» және «Толқын» спорт кешендеріне реконструкция жүргізілмек. «Қазақстан» спорт кешені қазіргі таңда хоккей әуесқойларының орталығына айналды. Оның ішінде 1000 шақты ересек адам кіретін 32 команда, сондай-ақ 440 баладан тұратын 24 команда бар. Кешенде тұрақты түрде турнирлер өтіп тұрады, былтыр 450 турнир өткен», - деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев тұрғындармен есеп беру кездесуінде.

Аудан әкімінің айтуынша, бұқаралық спортты дамыту жоспарын жүзеге асыру аясында былтыр ауданда триатлоннан қысқы чемпионат, «Яркокросс», «Көңілді старт», отбасылық эстафеталар секілді 95 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Оған ауданның 3 мыңнан аса тұрғыны қатысқан.

«Өткен жылы біз 4 «workout» зона мен 6 футбол алаңын салдық. Сонымен қатар 41 спорт алаңқайына жөндеу жүргіздік. Бұдан бөлек, ауданның 5 спорт кешенінен тұратын спорттық инфрақұрылымын көпбейінді теннис орталығы толықтырды. Оның ішінде 14 корт пен 2 жаттығу залы бар. Орталықтың ашылу салтанатына танымал теннисшілер Рафаэль Надаль мен Новак Джокович қатысты», - деді ол.