Қазақстан • 03 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері тоқтайды - Жандарбек Бекшин

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазмедиа орталығында өткен брифингте Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин  коронавирус індетіне байланысты 4 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы тоқтайтынын айтты. 

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері тоқтайды - Жандарбек Бекшин

«3 ақпаннан бастап, Қытаймен шекара іс жүзінде жабылды. Бүгін соңғы ұшақтар біздің азаматтарымызды елге әкеледі. 4 ақпаннан бастап тікелей әуе қызметі тоқтайды. Ал автобус және пойыз қозғалысының тоқтағанына біраз уақыт болды», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта шекарадан тек ресми делегациялар, шенеуніктер мен жүк тасымалы ғана өткізіледі.

«Олар екі ел үкіметінің де жылу сезгіш құрылғысымен (тепловизор) сканерленеді. Республикалық штаб шешіміне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық шекаралық бекеттерінде тепловизорлармен үздіксіз бақылау орнатып жатырмыз. Бұл ауру туралы халыққа 6 қаңтарда мәлімдеме жасағанбыз. Сол күннен бастап, Қытайдан келген барлық жолаушыларға қосымша бақылау жүргізуді бастадық. Ал 2017 жылдан бері барлық халықаралық рейстерден келген жолаушыларды жылу сезгіш стационарлық құрылғымен бақылауды тұрақты түрде жүргізіп келеміз», - деді ол.