Аймақтар • 03 Ақпан, 2020

Түркістан: Сайрам ауданының əкімі азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сайрам ауданының əкімі Ұласбек Сәдібеков азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Түркістан: Сайрам ауданының əкімі азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады

Қабылдауға келген аудан тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жəне қоқыс алу жұмыстарын дұрыс үйлестіруді қозғады. Сондай-ақ кәсіпкер Х.Туламетов жер иелігіне қатысты бірқатар мəселені алға тартып, сот ісіне ықпал етуді сұрады.

Сонымен қатар Г.Сунетбаева медбикелік қызметке орналасуға көмек сұраса, З.Марат колледждегі жұмысын мектепке ауыстырып беруді өтінді.

 

Аудан əкімі азаматтардың өтініші бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырма беріп, мəселені бақылауға алуды міндеттеді.