Руханият • 04 Ақпан, 2020

Сарсаңға түскен «Сарышұнақ»

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Ертіс – адалдық ала­ңы» жобалық кеңсесінің бастамасы бойынша Toraigyrov University студенттері «Арман әткеншектері» деп аталатын мультфильм түсірді. Елді жайлап бара жатқан сыбайлас жемқорлық індетіне қарсы түсірілген мультсериал жалғасады.

Сарсаңға түскен «Сарышұнақ»

 

Аталған мультфильм оқиғасы Сарышұнақ бей­несіндегі қарапайым бір адам­ның жұмыс бары­сындағы кәдімгі қағазбас­тылықпен бетпе-бет кез­десуімен басталады.

Сарышұнақ-кейіпкер балаларының арманын жүзеге асыру жолында түр­­лі кедергілерге тап бо­­­­л­ады. Оқиға желі­сін­­­де қолдан жасал­ған тос­­қа­уылдар, қағазбас­ты­л­ық, шенеуніктердің әрекеттері көрсетіледі.

Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес де­партаменті жанындағы «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетек­шісі Ризабек Исабековтің айтуынша, өткен жылы алаң тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және өңір тұр­ғындарының осы қо­ғамдық кеселге қар­­сы пі­кірлерін қалыптас­ты­руға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырған.

– Ал мультфильм құ­­­рас­тыру – жобалық офис­тің идеясы. Бір­лес­кен жұ­мыстың бары­сында сту­денттер өзде­рі­нің шығар­ма­шылық қабі­леттерін көрсетті. Біз сценарийді жа­зып шық­тық. Әрі қарай жастар жұмыс істеді, – дейді ол.

Қазір анимациялық фильм­нің алғашқы бөлі­мін әлеуметтік желі­лер мен YouTube арқылы кө­рермендер көріп үл­гер­ді.

Мультфильм бір­не­ше бө­лімнен тұрады. Са­­ры­шұнақ кейіпкер болса, ба­лалары үшін әт­кен­шек орнатқысы келеді. Муль­т­фильмнің «Арман әткен­­шектері» деп аталуы да осыдан.

– Енді жалғасын күті­ңіздер! Әрі қарай Сары­шұнақ бейнесіндегі әлгі адамның өмірінде қандай қиындықтар болатынын көресіздер, – дейді фильм­ді жасаушылар.

 

Павлодар облысы