Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

Азық-түлік өнімдерінің импорты төмендейді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларына байланысты Үкімет отырысы өтіп жатыр.

Азық-түлік өнімдерінің импорты төмендейді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы азық-түлік өнімдерін бағасын тұрақтандыру шараларына тоқталып өтті. Сонымен қатар елдегі ішкі өнімнің өндірісін ілгерту мақсатында атқарылып жатқан жоспарымен бөлісті.

«Алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе және құс еті әлі импорттауды қажет етеді. Сондықтан дәл осы өнімдерді дұрыс өндіру қолға алынатын болады. Үкімет тапсырмасымен ұзақ мерзімді салалық бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда 2020 жылдан бастап 105 мың қуатты 25 мың тонналық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, 8 құс фабрикасы салынатын болады. Жамбыл, Павлодар облысында жылына 200 мың тонна өндіретін 2 қант сауыты салынады. Бұл жоспардың барлығына инвесторлар тартылған», - деді ол.

Айта кететіні, бұл аталған жоспар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар