М. Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия мемлекеттерінің өңірлік өзара іс-қимылының нығаюына баса назар аударып, Нұр-Сұлтан мен Ташкентте өткізілген аймақ елдері көшбасшыларының Консультативтік кездесулерінің жоғары нәтижелілігін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысушылар экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
«АҚШ Халықаралық дамуын қаржыландыру корпорациясы Орталық Азияға америкалық инвестициялардың ағынын жандандыруға көмек көрсете алады. Қазақстандағы Америка агенттігінің серіктесі ретінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсынамыз», - деді М. Тілеуберді.
Министр өңірдің транзиттік-көліктік мүмкіндіктерін дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ, құрылатын Орталық Азия өңірлік энергетикалық нарығының әлеуетіне назар аударды. Бұл саладағы бастамаларды іске асыру үшін платформа ретінде Қазақстан СІМ басшысы Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын пайдалануды ұсынды.
Министрлік кездесудің қорытындысы бойынша «C5+1» аймақтық күн тәртібіндегі басым мәселелер көрсетілген бірлескен мәлімдеме қабылданды.
«С5+1» форматы Орталық Азия мен АҚШ елдері арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік тетігі болып табылады. 2015 жылғы 26 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында алты елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Сыртқы істер министрлері деңгейінде жеті отырыс өтті.