Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Ел Еркіннің еңбегін ұмытпайды

833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз заманында ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында елден ерек еңбек еткен Еркiн Әуелбеков белгiлi мемлекет және саяси қайраткері санатында еді. Осы еңбегіне орай кеңес заманындағы ең құрметті атаққа ие болып, Социалистiк Еңбек Ерi атанды. 

Ел Еркіннің еңбегін ұмытпайды

Он жылға жуық Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болған нар тұлғаның өмірден өткеніне 21 жыл. Таяуда ел ардағы – Еркінді еске алу мақсатында облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары Көкшетау қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірігіп, кездесу кешін ұйымдастырды.

Еске алу кешінде Еркiн Әуелбековті көзі көрген, қызметтес болған әрiптестерi мен жас толқын жиналды.

– «Ол кісі еліміздің бір туар азаматы, үлкен тұлға. Еліне адал қызмет етті. Ер-ағаңның ерлік ісі жастар үшін жақсы мысал, өміршең өнеге. Еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Бүгінгі күні біз осындай азаматтың аты өшпеу үшін қызмет етуіміз керек»,– деді Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов.

Биыл Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың туғанына 90 жыл толмақ. Мерейтой қарсаңында өңірдің зиялы қауым өкілдерінің қолдауымен iрi ұйымдастырушы, Социалистiк Еңбек Ерiне арнап өмірбаяны мен халқына сіңірген қызметін қамтитын кітап шығару жоспарланып отыр.  

Кешке жиналғандар тұлға тағылымын түйсініп, әркім де халқына дәл осылай қызмет етсе, бірлігіміз нығайып, тірлігіміз жақсарар еді деп топшылап қайтты.

 

Көкшетау қаласы

Соңғы жаңалықтар