Сондай бәсекелердің бірі Алматы шаһарында өткен жасөпірімдер мен кадеттер арсындағы халықаралық турнир. Өңір қоржыны әдеттегідей майланып қайты. Атап айтсақ, 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль.
Айтулы бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан және көршілес Қырғызстаннан 900-ден астам таэквондошы қатысыпты. Ал, жасөпірімдер арасында 53 келі салмақта жерлесіміз Ахат Оразханға тең келер таэквандошы болмаған. Алтыннан алқа тағып, облыс мерейін көтерді. Спорт саласына былтыр ғана бет бұрған Ахаттың бұл екінші турнирі. Облыстық турнирде қоланы місе тұтқан жас өрен халықаралық турирде бағы жанып қоланы алтынға ауыстырды.
– «Осындай биік нәтижеге қол жеткізем деп ойлаған жоқ едім. Ең қиын кездесу финал болды. Алда осы қарқыннан таймай, жүлделі орындардан көріну», – дейді таэквондодан халықаралық турнирдің жеңімпазы Ахат Оразхан.
Енді жергілікті құрама мамыр айында елорда төрінде өтетін ел чемпионатына дайындықтарын бастап жатыр. Ол жарыста да жерлес таэквондошылар өңір намысын абыроймен қорғап, жеңіс жалауын желбіретіп қайтарына сенім мол.
Көкшетау қаласы.