Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Жұмыс іздесең, «Жанұя» орталығына кел

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында кезекті шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жұмыс іздесең, «Жанұя» орталығына кел

Қала азаматтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған шара 5 ақпан күні сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа насихаттау.

Шара аясында ізденушілердің жұмыс беруші ұйым өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндемесін жұмыс берушілерге қалдыра алады.

Айта кетсек, алдағы уақытта шағын жәрмеңкелер апта сайын өткізілетін болады.