Өткен жылғы жұмыс нәтижесінде «ақылды» қалалардың рейтингі құрылды. Бұл рейтинг жарты жыл сайын жаңарып отырады.
Осы жылы алдымен әкімдіктер 112 және 109 қызметтерін аяқтауы тиіс. Одан басқа, қоғамдық көліктерде электронды билеттерді енгізу тәжірибесін әрі қарай тарату қажет.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кеңейтілген отырыста венчурлық инвестиция тарту маңызды міндет екенін атап өтті. Оған қоса, адами капиталды дамытуға ерекше мән берілуде. Қазіргі уақытта Astana Hub АТ-стартаптар технопаркі 100% толтырылған. Онда отандық және шетелдік АT-компаниялардың 17 ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.
90-нан астам стартап жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шара отандық стартаптарға 18,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
«2020 жылы кем дегенде 2 технопаркті қолдаумен біз шамамен 15 млрд теңге инвестиция тартуға тырысамыз. Бұл жұмысты біз барлық мемлекеттік органдармен және компаниялармен бірлесіп жалғастырамыз», — деді А. Жұмағалиев.
Жалпы, республикалық бюджеттен 2 жыл ішінде 35 млрд теңге жұмсалды. Цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыстың экономикалық тиімділігі 803 млрд теңгені құрады.
Инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды.
Аралас салаларды ескере отырып, 120 мың жұмыс орны құрылды. Оның 78 мыңы 2019 жылы пайда болды.
Қорытындылай келе, А.Жұмағалиев жоғарыда көрсетілген міндеттер бойынша белсенді жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.