Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Талдықорғандық оқушылар банан қабығынан биопластик жасады

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Дана Мәжит пен Айдан Қолдасбаева банан қабығы мен картоп крахмалынан биопластик жасады. Зерттеу жобасы Республиканың «Жылдың 100 үздік жобасы» байқауында Гран-при жеңіп алды.

Талдықорғандық оқушылар банан қабығынан биопластик жасады

Жас зерттеушілер өнімдердің сыртқы қабатындағы крахмал мен целлюлозаны биологиялық ыдырайтын пластмассаны жасауға қолдануға болатындығын анықтады. Биопластик жасауға 2 күн кетіпті. Ал қажетті материалдарды табу да қиындық туғызбайды. Яғни, биопластик өндірісі ешқандай мамандандырылған жабдықты қажет етпейді және оны ең қарапайым және қолжетімді құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

- Банан мен картоптың қабығын натрий метабисульфитіне салып, қайнаттық, содан кейін оны мұқият ұнтақтадық. Алынған паста «Петри» ыдысында қалыптастырып, қыздырамыз. Процестердің әртүрлі комбинацияларында бірнеше тәжірибе жүргізіп көрдік. Осының бәріне бізге  екі айдан сәл асатын уақыт қажет болды, - дейді Дана мен Айдана.

1

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнертапқыш оқушылары жаңа материал шынымен дәстүрлі пластикті алмастыра алатынына сенімді. Өйткені қазір қоршаған ортаның пластикалық заттармен ластануы адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ал талдықорғандық оқушылар ойлап тапқан биопластиктен мұндай қауіп жоқ.