Қазақстан • 04 Ақпан, 2020

Мемлекеттік органдарға қатысты шағымды онлайн түрде жазуға болады

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік органға шағым, арызды онлайн түрде жазуға болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

 

Мемлекеттік органдарға қатысты шағымды онлайн түрде жазуға болады

«Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. egov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады», - делінген хабарламада.

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.