Қоғам • 05 Ақпан, 2020

Коронавирус белгілері анықталмады

1310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық сараптама орталығы мен Орталық референс-зертхана мамандары зерттелінетін материалдарда 2019-nCov коронови­рус­ты анықтау бо­йын­­ша жүргізілген зерт­ханалық зерт­теу­лерде вирус та­былмағандығын мә­лімдеді.

Коронавирус белгілері анықталмады

Зерттеу барысында 17 тұмау және 17 тұмауға ұқсас инфекциялық жағ­дайлар анықталды.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарынан бастап Ұлттық сараптама орталығына ҚХР-дан келген, жоғары температурадағы ЖРВИ белгілері анықталған па­циенттердің үлгілері келіп түсуде.

26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ұлттық сараптама орталығына, Ухань қаласынан келген 82­ студент пен 12 жетекші, борт­серікті қоса алғанда, 101 науқастан және 148 байланыста болған адамнан 249 материал түсті.

Ұлттық сараптама ор­талығы жоғары тыныс алу жолдарынан алынған жағындыларға 2019-nCov коронавирус бойынша, сондай-ақ тұмау және тұмауға ұқсас вирустық ин­фекцияларға тегін не­гізде зерттеу жүргізетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар ма­териалдың үлгілері (қан, жоғары тыныс алу жолдарынан алынған жа­ғындылар) «М. Ай­қым­баев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының» Орталық референс-зертханасына 2019-nCov коронавирусына қатар зерттеу жүргізу үшін жіберіледі.

 

Соңғы жаңалықтар