Технология • 05 Ақпан, 2020

50 мыңнан астам көлік шығарылды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бүгінгі таңда автомобиль жасау жалпы машина жасау саласы ішінде ең жоғары өсімді көрсетіп отыр. 2019 жылы республика бо­йынша 359,5 млрд теңгеге 50 мыңнан астам көлік құралы шығарылды. Өндіріс өсімі 62,5%-ды құрады.

50 мыңнан астам көлік шығарылды

Нақты өндірушілерге келсек, 2019 жылы «Азия Авто» зауытында 20 мың автокөлік, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кә­сіп­орнында 25802 (жеңіл, жүк ав­то­көліктері, автобустар мен арнаулы техника), «Hyundai Trans Auto» ЖШС-де 496 (автобустар, жүк техникасы), «КамАЗ-Инжиниринг» ЖШС зауытында 994 дана көлік құралы, «Daewoo Bus Kazakhstan» зауытында 496 (автобустар, ГАЗель «Next») және «СемАЗ» кәсіпорнында 1851 техникалық құрал (жүк көлігі, автобустар, ГАЗель) шығарылды.

Қазақстанда автокөлік құрал­дарының барлық санаты шығары­латынын айта кету керек. Елімізде жалпы 167 модель құрастырылады, оның ішінде 33 жеңіл автокөлік бар. Nissan, Peugeot, Kia, Skoda, Hyundai, Renault, GM, IVECO, Daewoo, Ravon, JAC, SangYong сияқты әлемге әйгілі брендтермен ынтымақтастық орнатылды.

Отандық автоөндірушілер­ді қолдау мақсатында былтыр коммер­циялық техникаға утилизациялық жиын мөлшері артты. Оған қоса, Ұлттық банк­тің жеңілдетілген автонесие бағдар­ламасы іске қосылды. Ол бойынша 5 жылдың ішінде 100 млрд теңге (жылына 20 млрд теңгеден) бөлі­неді. 2019 жылдың қазан айында ал­ғаш­қы транш бөлінді. Нәтижесінде қара­жатты револьверлік меңгеру әдісін есептегенде 101,5 млрд теңгеге 19946 дана көлік құралы сатылды. 

Бұл бағдарлама тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие екенін айта кету керек. Республика бойынша орта есеппен алғанда автокөлікке деген қажеттілік 65 мың дананы құрайды.