Спорт • 05 Ақпан, 2020

Талғарда шаңғымен жарысудан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі аяқталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Талғар қаласындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғымен жарысудан Қазақстан кубогінің бірінші айналымы аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Талғарда шаңғымен жарысудан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі аяқталды

Еліміздің 11 аймағынан жиналған 130-дан аса шаңғышы үш бағларлама бойынша сынға түсті. Атап айтар болсақ, спортшылар классикалық әдіспен жекелей сын, еркін әдіспен спринт және еркін әдіспен масс-старт бойынша өзара жеңімпаздарды анықтады. 

Ересектер мен жасөспірімдер арасында жалпы есебі 12 медаль жиынтығы сарапқа салынған. Жарыс қорытындысы бойынша 12 медаль иеленген Ақмола облысы топ жарды. Олар 3 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған. 

7 медаль еншілеген алматылық шаңғышылар екінші орында. Ал үздік үштікті 4 жүлдесі бар қостанайлықтар түйіндеген.