Спорт • 05 Ақпан, 2020

Жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-16 ақпан аралығына Тайландтың Удон Тхани қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Olympic.kz осы додаға қатысатын құрамның анықталғанын хабарлады.

Жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

Құрлық додасында Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

Ерлер: 

Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко;

Дмитий Яковлев/Сергей Богату; 

Алексей Кулешов/Артем Петросянц

Әйелдер: 

Бақытгүл Самалықова/Ирина Цимбалова;

Алина Раченко/Анастасия Уколова. 

Аталған Азия біріншілігінде Олимпиада ойындарына жолдама берілмейді. Лицензиялық турнир маусым айына жоспарланған.