Өкілдік басшысы Қазақстандағы цифрландыру, энергетика, дуальді білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары салаларын дамытуға, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жетілдіруге қатысты өз ойымен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Томас Хельмге өзінің жуырда Германияға жасаған сапарының нәтижелері туралы айтып, Қазақстанның аталған елмен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.