Қоғам • 05 Ақпан, 2020

Әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көп зардап шегеді

1222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ және «Тұрмыстық зорлық‐зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ  ашық әңгіме ұйымдастырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны тәжірибесінде қолдану мәселелерін қозғады.  

Әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көп зардап шегеді

«Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық - миллиондаған әйелдің өміріне кері әсерін тигізетін мәселе. Түрлі зерттеулерге сәйкес, жыл сайын 400-ден астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмады. Әр үшінші қылмыс (37,8%) әйел затына қарсы істелген. Оның ішінде барлық зорлау әрекеттерінің  97,6%‐ы, зорлық‐зомбылықтың 83%‐ы жыныстық сипатқа ие. Қазақстандағы әйелдердің 15%‐ы күйеуі әйелін ұруға құқылы деп ойлайды, ал ауылдық жерлерде әрбір бесінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалыпты іс деп санайды» деп атап өтті «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ Басқарма төрайымы З.Байсакова.

Орталық мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын дағдарыс орталықтары 25 000‐нан астам әйелге заңгерлер мен психолог мамандарының кеңесін ұйымдастырып, әлеуметтік қолдау көрсетеді. №150 сенім телефонына хабарласқандар саны 15000-нан аса, 4 000‐ға жуық әйел мен балалар жатын орынмен қамтамасыз етіледі.

 

АЛМАТЫ