Спорт • 05 Ақпан, 2020

Шәкір Әділов маунтинбайктан Азия біріншілігінде бестікке енді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Чианграй қаласында маунтинбайктан 26-шы Азия чемпионаты жалғасуда. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр. Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Шәкір Әділов маунтинбайктан Азия біріншілігінде бестікке енді

Кросс-кантри қорытындысы бойынша қазақстандық шабандоз бесінші орын иеленді. Бұл бәсекеде жапониялық Кохеи Ямомото топ жарса, екінші орында оның отандасы Сея Хирано. 

Үздік үштікті таиландтық Пирапол Чаучангванг қорытындылап тұр. 

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандықтар құрлық додасынан екі медаль иеленген болатын.