Қоғам • 06 Ақпан, 2020

Карантин біткенше кездесуге болмайды

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясының жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады.

Карантин біткенше кездесуге болмайды

Оның сөзінше, биылғы 6 қаң­тардан бастап бүгінге дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара пункттері арқылы 30 394 адам келген.

«6 қаңтардан 4 ақпанға де­йін Денсаулық сақтау министр­лігінің мамандары Қытаймен мем­лекеттік шекара арқылы өтетін әуежайлар мен темір жол бекет­терінде 21 838 адамды, оның ішін­де 20 084 жолаушы мен 1 814 эки­паж мүшелерін тексерді. 29 жолаушыдан дене қызуы мен жедел респираторлы ви­рустық инфекция белгілері анықталды, олардың 28-і ауру­ханаға жатқызылды. Қазіргі уа­қытта пойыздардың қозғалысы, әуе қатынасы және Қытаймен жеңіл автомобильдер тасымалы тоқтатылды. Медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бо­йынша Қытайдан келген азамат­тардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда. 5 ақпанға дейін ЖРВИ белгілері бар 104 адам ауруханаға жатқызылды, 71 адам ауруханадан шығарылды, 33 пациент стационарда қалды. Науқастардың жағдайы жақсы. Коронавирус анықталған жоқ. Біз барлық ауруханадан алынған сынамаларды Алматыдағы Ұлттық жоғары инфекциялық ғылыми орталығына жібереміз. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген. Соңғы 14 күнде келген 10 131 адам қазір медициналық бақылауда» деді ресми өкіл.

Маңызды мәлімдеме барысында ол ағымдағы жылдың 2-4 ақпан аралығында Қазақстанға басқа елдерден мемлекеттік шекара пункттері арқылы 127 573 адам кіргенін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 764 683 адам келгенін атап өтті. Олардан еш қауіп жоқ екенін атап көрсеткен ресми өкіл соңында жалған ақпараттарға жол бермеуге шақырды.