Министрлік ішкі және сыртқы сауданы, электронды және биржалық сауданы дамыту, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету үшін арнайы құрылған, осы аталған міндеттердің сапалы орындалуы экономиканың дамуына тікелей әсер етеді.
«Экспорттық тауарлар тізімін кеңейтіп, олардың көлемін ұлғайту керек, отандық тауар өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуын қолдауды күшейту қажет», - деп толықтырды Ә. Смайылов.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының 2025 жылға дейінгі сауданы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырғанын атап өтті. Аталған бағдарлама сауданы дамытудың нақты мақсаттары, міндеттері мен жолдарын айқындайтын, сонымен қатар сауда субъектілерін қолдау бойынша кең ауқымды іс-шараларды қамтитын жан-жақты және стратегиялық құжат болуы керек.
Алқа отырысының барысында қатысушыларға сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы, тұтынушылар құқығын қорғау және техникалық реттеу туралы екі заң жобасы ұсынылды.