Әлем • 06 Ақпан, 2020

Асқар Ақаевтың ұлы ажал құшты

2467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев өмірден өтті.

Асқар Ақаевтың ұлы ажал құшты

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған. 

Айта кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президентінің төрт баласы бар - Бермет, Айдар, Саадат және Илим. Бермет пен Айдар Ақаева Жогарку Кенеште дауысқа түсіп, «Алға Қырғызстан» билік партиясынан депутаттық мандаттарды алды. 

Айдар Ақаев үйленген. Үш баласы бар.