Тағайындау • 06 Ақпан, 2020

«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған.

2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанияларда тәуелсіз директор және Корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін Д. Дудас «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуелсіз директоры және Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ, қазір ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі.