Үкімет • 06 Ақпан, 2020

Елжан Біртанов Михаил Мурашкомен телефон арқылы сөйлесті

154 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елжан Біртанов Михаил Мурашкомен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Елжан Біртанов Михаил Мурашконың тағайындалуымен құттықтады және коронавирустық инфекцияға қарсы күресте көрсеткен көмегі үшін және біздің азаматтарды Ухань қаласынан эвакуациялағаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті.

Атап айтқанда, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Түмен қаласындағы (үш қазақстандық) Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыздың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізетін болады. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр.

Айта кету керек, бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадмановпен телефон арқылы сөйлесті.

Елжан Біртанов өзінің әріптесіне Уханьнан қазақстандықтарды эвакуациялағаны үшін алғыс айтты.

Тараптар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті.

Атап айтқанда, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанның Ташкент қаласындағы (бес қазақстандық) Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыздың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізетін болады. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр.