Жыл сайын ұйымдастырылатын жарыста өткен жылы біздің құрама қола медальға ие болған. Биыл алғашқы екі айналымда Қарағанды мен Алматы қалаларының баскетболшыларын жарыс жолынан шығарып, үшінші кездесуде Ақтөбе командасынан басым түскен. Ал, ақтық сында Шымкент қаласының құрама командасын 68:55 есебімен ұтқан.
–Мен бұл құраманы 6 жыл жаттықтырып келемін. Осы өрімдей қыздарды 2014 жылы өзім іріктеп алғанмын. Содан бері қыздар көп жетістіктерге жетті. Соның бірі осы Қазақстан чемпионаты. Тамыз айында жиын болды. Қыркүйек айынан бастап дайындалдық. Ең қиын кездесу финал болды. Ойынның алғашқы минуттарында қыздар ұпай санымен жеңіліп жатқан, бірақ ойын соңында жеңіске жетті,–дейді жаттықтырушы Виктория Волкова.
Жарыс барысында үздік шеберлік танытып, әдемі ойын өрнегін көрете білген жерлесіміз Надежда Яковлева чемпионаттың үздік баскетболшысы деген атқа ие болыпты.