Қазақстан • 06 Ақпан, 2020

Бейбіт Атамқұлов Ко По Кун бастаған делегациямен кездесті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сингапурдың Сауда және индустрия аға мемлекеттік министрі Ко По Кун бастаған делегациямен кездесті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейбіт Атамқұлов Ко По Кун бастаған делегациямен кездесті

Кездесуде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың барынша перспективалық бағыттары талқыланды. Атап айтқанда Қазақстанның порт және терминалдық инфрақұрылымын дамыту және басқару, еліміздің көлік-логистикалық секторын цифрландыру сияқты жобалар ұсынылды. Сингапурдың Джуронг индустриялық аймағын дамытудағы бай тәжірибесін ескере отырып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар саласында ынтымақтастық орнату жайы сөз болды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі талқыланды.       

Сингапур тарапы Қытайдың оңтүстігіндегі Бэйбу шығанағында орналасқан порттардың бірін пайдалануды ұсынды. Өйткені, Сингупурдан Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньгань портына дейін жүк тасымалдауға 3 аптадай уақыт кетсе, Бэйбу шығанағына дейін 1 апта ішінде жеткізуге болады. Тараптар аталған дәлізді ұйымдастыру мүмкіндіктерін пысықтауға келісті. Әрі қарай Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясын пайдаланып, АСЕАН елдерінің жүк ағынын тартуға болады. Оған Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Еуропа бағытында контейнерлік тасымалдау жұмыстары сәтті іске асырылып жатқан «Бір белдеу-бір жол» бастамасы оң ықпал етпек.