Айта кетейік, жоғарыда аталған инвестициялық жобалар 1 трлн теңгеден астам қаражатқа жүзеге асырылуда.
Брифингте айтылған тағы бір маңызды ақпарат - өңірімізде жүзеге асып жатқан «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы болды.
Қазіргі уақытта бұл картаға 476 мемлекеттік және өзге ұйымның бюджеті туралы ақпарат салынған. Ұйымдар қатарында 27 колледж, 139 мектеп, 102 балабақша, 30 медициналық нысан, 51 мәдениет және спорт мекемелері бар.