Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

«Мырзашоқы» жобасы Баянауылға қажет пе?

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңадан тағайындалған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысты.

«Мырзашоқы» жобасы Баянауылға қажет пе?

Жиында аудан басшысы Қанат Кәрімов өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылы ауданның бес ауылында орталықтандырылған су құбырының құрылысы басталған.

Қазір  аудан орталығы Баянауыл ауылы, Ақсаң ауылдарына су келген.

Биыл  Бірлік, Жаңатілек, Құндыкөл ауылдарына су құбырларын тарту жұмыстары биыл аяқталмақ.

Ал, Торайғыр ауылының шақырымдық кіреберіс жолын жөндеу жалғасуда.

Сонымен қатар былтыр Алексеевка-Жаңажол бағытындағы жолдың 18,5 шақырымы абаттандырылды. Биылғы жоспарда осы тас жолдың тағы 18,5 шақырымын жөндеу жоспарланып отыр.

- Ең бастысы – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бағасын тұрақтандыру мәселелері аудан әкімдігінің күнделікті бақылауында болуы тиіс, - деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен бірге ауданға биыл 1,2 млрд жеке инвестиция құйылмақ.

Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданы басшылығынан инвестицияның төмендеуіне жол бермеуді талап етті.

Яғни, бұрынғы әкім Болат Бақауов бастап соңына дейін бітірмеген «Мырзашоқы» тау шаңғысы кешеніне инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтті.

Жылытылатын демалыс үйлерін салу және тау етегіне меймандарды жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруды, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екен.

Әйтсе де, басына  мүлде қар  түспейтін Мырзашоқының бұл жобасының жүзеге асуы әлі екі талай.

Болат Бақауов  қымбат шетелдік қондырғы алып, жасанды қар жасаймын деп ғажайыпқа сенген еді.

Облыс әкімі аудан орталығы Баянауылды, ауылдарды дамытудың барлық мәселелері алдағы уақытта аудан тұрғындарымен бірлескен жиында талқылай айтты.

Павлодар облысы