Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Мұнайлы ауданы 100% балабақшамен қамтылған

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы аудан әкімдерінің есептік жиыны Мұнайлы ауданында жалғасуда. Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров 2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы жылға арналған даму жоспары бойынша жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Кездесуге облыс әкімі Серікбай Трұмов, басқарма басшылары қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнайлы ауданы 100% балабақшамен қамтылған

Табиғи өсім көрсеткіші жоғары ауданда халық саны биыл 169 900 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8 600 адамға көбейді. 5 658 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, нәтижесінде 10 097 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 35 жеке инвестициялық жобалар жүзеге асып, 690 жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік саланың ең маңызды бөлігі білім саласына 11 907,2 млн теңге бөлініп, аудан бюджетінің 55,8 құрады.

- Қазір ең өзекті мәселе үш ауысымдық оқыту. Бұл мәселелерді шешу үшін, 5 мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын бастауға жұмыстанатын боламыз, - деді аудан әкімі. Балабақшамен қамту бойынша 2017 жылы 83%, 2018 жылы 96,7%, 1 қаңтардан бастап 100% құрап отыр.