Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Тұрғындар «Әр қазақ - менің жалғызым» акциясы аясында 2 тұрғын үй салды

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр ауданда 4000 жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 4300 жұмыс орны құрылды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға 100 мың теңгеден бір жолғы жәрдемақы тағайындалды. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімінің есебінде айтылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындар «Әр қазақ - менің жалғызым» акциясы аясында 2 тұрғын үй салды

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3232 отбасы, 18276 адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 4247 көп балалы отбасыларға тегін жол жүру куәлігі берілді. Қазіргі таңда халықты толғандыратын басты мәселенің бірі тұрғын үй және жер телімі. Қазіргі уақытта үй кезегінде тұрғандардың саны 3080 адам. Мәселелерді шешу бағытында «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған 125 азаматқа жолдама беріліп, 47 отбасы баспаналы болды. «Әр қазақ менің жалғызым» акциясы аясында Батыр ауылдық округінен 2 тұрғын үй аудан халқының қолдауымен салынып, қараша айында берілді.

- Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудан тұрғындарының 74,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Қызылтөбе ауылдық округінде су желісі құрылысына республикалық бюджеттен 760 млн теңге бөлініп толықтай игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 55%-ға орындалды. Аудан тұрғындары тарапынан үнемі көтерілетін сұрақтардың бірі тазалық мәселесі. Қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, қоқыс төгушілер қатары азаяр емес. Бұл жағдайларды үнемі бақылап отыру мүмкіндігі жоқ, - деді Рахат Тезекбайұлы.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен 631,9 млн теңге бөлініп оған ауылдың көше жарығын және ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша 10 жоба, 1 құрылыс жобасы мақұлданып, толығымен аяқталды. Есептік баяндамадан соң, облы әкімі Серікбай Трұмов халықтың толғандырған сауалдарын тыңдап, оның шешу жолдарын қарастыруға уәде берді.